867

Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылды

Ерсұлтан зағип болып, мүгедекке айналды.

Оралдағы спорт мектебінде 5 жасар бала көз жанарынан айырылды
EGOV.PRESS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласындағы «Arashi MMA» спорт мектебінде жаттығу кезінде ауыр жарақат алған бес жасар Ерсұлтан көзінен айырылып, мүгедек болып қалды. Бұл туралы EGOV.PRESS жазды.

Баланың анасының айтуынша, жаттығу барысында ересек спортшылардың бірі ауыр темір құрылғыны байқамай итеріп жіберіп, ол Ерсұлтанның бетіне тиіп, көзін жарақаттаған. Салдарынан бала біржола көру мүмкіндігінен айырылған.

Оқиғадан кейін анасы құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Алайда біраз уақыттан соң қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл шешімге келіспеген әйел Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінен істі қайта қарауды талап етіп отыр.

Ерсұлтан қазіргі таңда ресми түрде мүгедектігі бар бала ретінде тіркелген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор