Тойдан кейінгі атыс: төрт адам ауруханаға түсіп, екі Land Cruiser іздестіріліп жатыр
Мойынқұм ауылындағы атыстан адамдар жараланып, екі адам қашып кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауылында атыстан төрт адам жараланды.
Оқиға 28 шілде күні кешке Амангелді көшесіндегі дүкеннің маңында болған. Белгілі болғандай, Мойынқұм мен Құшаман ауылдарының жастары арасында тойда басталған жанжал кейін жаппай төбелеске ұласып, атыс қаруы қолданылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 22:00 шамасында дүкен алдына жиналған белгісіз топтар арасында қақтығыс туындап, арты оқ атумен аяқталған. Ауруханаға 1997, 1999, 2003 және 2006 жылы туған төрт ер адам түрлі жарақатпен жеткізілді.
Полиция «Ұстау» (Перехват) жоспарын жариялады. Іздеу жарияланған көліктер:
Land Cruiser 105 (мемнөмірі 599AQD08),
Land Cruiser 200 (мемнөмірі 200TAU02).
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіруге оқталу» бабымен (алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, кек алу және қару қолдану бойынша) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Материал авторы