Атырау облысында түйелер белгісіз дерттен қырылып жатыр

30.07.2025, 11:04
382
Атырау облысында түйелер белгісіз дерттен қырылып жатыр DavorLovincic / Getty Images

Түйелер аяқ астынан құлап, бірден өліп қалып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Арқар ауылында 27 шілдеде түйенің құтыру ауруына шалдығуы мүмкін деген күдік тіркелді.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, клиникалық белгілеріне қарап, мал құтыруға шалдықты деген күдікпен оқшауланған. Қазір ол ветеринар мамандардың бақылауында.

Сонымен қатар, Арқар ауылы эпизоотикалық қадағалауға алынды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Исатай ауданының өзге ауылдарында да түйелер аяқ астынан құлап, бірден өліп қалу жағдайлары жиілеген.

Еске салайық, бұған дейін Құрманғазы ауданында да түйелер жаппай ауырып, 204 түйе зардап шеккені хабарланған. Оның ішінде:

84-і өлген,

73-і жазылып шыққан,

47-сі ем қабылдап жатыр.

Қауіпті инфекциялар – сібір жарасы мен бруцеллёзге алынған сынамалар теріс нәтиже көрсеткен.

Аурудың нақты себебін анықтау үшін өңірдегі мамандар Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтынан ғылыми кеңес сұратты. Мамандар ықтимал себептер ретінде:

жәндіктер шағуын,

паразиттік ауруларды,

токсиндік әсерлерді атап отыр.

Қазіргі таңда жағдай ветеринарлық қызметтің ерекше бақылауында.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды