«Қазақстанның Ресейсіз гүлденгені бізге маңызды»: Трамп Қазақстанға жаңа елшісін жібермек

30.07.2025, 12:21
1316
«Қазақстанның Ресейсіз гүлденгені бізге маңызды»: Трамп Қазақстанға жаңа елшісін жібермек U.S. Department of State

Қазақстанды екі жақтан қоршаған Ресей мен Қытайдың ықпалынан шығарамыз дейді жаңа елші қызметіне ұсынылған Джули Стаффт.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметіне ұсынылған Джули Стаффт Сенатта сөйлеп, Астанаға Ресей мен Қытай ықпалына қарсы тұруда қолдау көрсететінін және экспорттық бағыттарды әртараптандыруға көмектесетінін мәлімдеді.

Сенаттың халықаралық істер жөніндегі комитетінде өткен тыңдауда Стаффт өзінің елші ретінде атқаратын жұмыс жоспарымен бөлісті. Ол АҚШ президенті Дональд Трамп және мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен бірлесіп, Қазақстандағы америкалық мүдделерді ілгерілетуге және АҚШ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді.

«Қазақстан үкіметі мен халқы 1991 жылдан бері Америка қолдауына ие. Біз республика тәуелсіздігін алғаш болып мойындадық, ядролық қарудан арылуына көмектестік. Сол кезеңнен бастап америкалық энергетика компаниялары Қазақстанға миллиардтаған инвестиция құйып, бұл екі тарапқа да пайда әкеліп отыр. Бүгінде біз сауда және энергетика саласындағы жаңа дәуірге қадам басқалы тұрмыз», — деді Стаффт.

Стаффт Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, энергетика, технология және инфрақұрылым саласына америкалық инвестиция тартуға күш салатынын айтты. Сонымен қатар, ол Ресей мен Қытай ықпалына қарсы бағытталған саясатты ұстанатынын ашық мәлімдеді.

«Ресей — Қазақстанмен әлемдегі ең ұзын шекараға ие ел. Қытай болса телекоммуникация мен пайдалы қазбалар өндірісіне бақылау орнатуға тырысып жатыр. АҚШ үшін Қазақстанның тәуелсіз, тұрақты және гүлденген ел болғаны маңызды», — деді ол.

Стаффт сондай-ақ Қазақстан экспорты үшін Ресей аумағынан тыс жаңа бағыттарды іздеуде АҚШ көмектесетінін айтты. Бұл әсіресе Каспий құбыр консорциумын айналып өтетін жолдарға қатысты. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның экспортталатын мұнайының 80%-ы дәл осы бағытпен өтеді, ал Ресей бұл жүйені қажет болса, оп-оңай жауып тастай алады.

Сонымен қатар, ол сирек кездесетін пайдалы қазбаларға инвестиция тарту мен қорғаныс саласындағы әріптестікті дамытуды да басты басымдықтарының бірі ретінде атады.

Джули Стаффт — 25 жылдан астам дипломатиялық тәжірибесі бар маман. Бұған дейін Ресей, Молдова, Польша, Эфиопия және Джибути елдерінде қызмет еткен. Ол орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген. Қазіргі таңда ол АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Дэниел Розенблюмнің негізгі мұрагері ретінде қарастырылып отыр. Ал Розенблюм болса, биыл қаңтарда 28 жылдық дипломатиялық мансабын Қазақстан елшілігінде аяқтаған еді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды