Банктегі баспалдақтан құлаған қыз ауыр жарақат алды: қыздың анасы банкті кінәлады

30.07.2025, 12:38
803
Банктегі баспалдақтан құлаған қыз ауыр жарақат алды: қыздың анасы банкті кінәлады HALYQSTAN

Баспалдақтан құлаған бала омыртқасын сындырып алған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғандағы Еуразиялық банктің бөлімшесінде қайғылы оқиға тіркелді: банкке анасымен бірге келген қыз бала баспалдақтан құлап, ауыр омыртқа жарақатын алды. Қазір оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиға банктің ішіндегі күту залында болған. Анасының айтуынша, қыз баспалдақ маңында ойнап жүріп, таяныштардың арасынан өтіп кетіп, биіктіктен құлаған. Әйел адам құрылымның қауіпті екенін айтып отыр — таяныштар арасындағы аралық тым кең болған, ал баспалдақ аумағы қоршалмаған.

Қыз бала жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер омыртқаның кеуде және бел тұсынан қысылып сынғанын анықтаған. Алдымен ол облыстық балалар ауруханасында емделіп, кейін Алматыға жіберілген.

Қыздың анасы банкті қауіпсіздік талаптарын сақтамады деп айыптап отыр. Оның айтуынша, банк басшылығы оқиғадан кейін тек ауруханаға төсек жеткізіп берген, бірақ содан кейін байланысқа шықпаған.

Еуразиялық банк бұл жағдайды растады. Бірақ олардың мәлімдеуінше, қыз бала қызметтік аймаққа ересектердің қарауынсыз өзі кіріп кеткен. Банк өкілдері ғимарат балалардың бақылаусыз жүруіне арналмағанын алға тартты.

Аталған жағдайдан кейін банк қауіпсіздік шараларын қайта қарап, мұндай жағдайлардың алдын алуға уәде берді. Сонымен қатар, мекеме жедел жәрдем шақырғанын, қыздың ем-домына және Алматыға жеткізілуіне кететін шығынды өз мойнына алғанын айтты.

Қазіргі таңда ресми тергеу жүргізілуде. Тиісті органдар оқиғаға қатысы бар тараптардың әрекетіне құқықтық баға беретін болады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды