2690

«Телефонын өшіріп тастап кеткен»: Атырауда 24 жастағы жігіт жоғалып кетті

Букмекерлік ойындарға әуестігі күйзеліске түсірген секілді дейді Жасұланның туыстары.

«Телефонын өшіріп тастап кеткен»: Атырауда 24 жастағы жігіт жоғалып кетті
azh.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 шілдеде үйінен шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған 24 жастағы Жасұлан Үмбетовті туыстары мен полиция әлі іздестіріп жатыр. Бұл туралы АқЖайық басылымы жазды.

  1.  

Жас жігіт соңғы рет Алмагүл ықшамауданында бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сол сәттен бері оны ешкім көрмеген.

«Кетерінің алдында телефонын тастап кетті. Оның ішіндегі барлық мәліметті өшіріп, контакттарды да жойып тастаған. Біз оны полицияға хабарлаған соң барлық таныс орындарды қарап шықтық, достарымен, әріптестерімен сөйлестік. Еш нәтиже жоқ», — дейді ағасы Аслан Үмбетов.

Туыстарының айтуынша, Жасұлан соңғы 9 айда букмекерлік қосымшалар арқылы ставка жасаумен әуестеніп жүрген. Соңғы кездері көңіл күйі өте төмен болған. Жақындары оның жоғалуы қарыз мәселесімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

«Біз ең жаманынан қорқамыз. Бірақ әлі де тірі табылар деген үмітіміз бар», — дейді туыстары.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады. Айтуларынша, 2001 жылы туған азаматтың жоғалғаны туралы арыз 26 шілде күні сағат 21:00-де түскен.

«Қазір іздестіру шаралары жүріп жатыр. Жігітті табу үшін барлық қажетті жұмыстар атқарылуда», — деді ведомство өкілдері.

Жасұлан Үмбетов туралы қандай да бір ақпарат білетін жандардан полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу сұралады.

Материал авторы