SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық журналист Жанар Байсеміз қасына ота жасатып, әр қасына 400-ден, барлығы 800 түп шаш түбірін салдырған. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Оның айтуынша, шешім қабылдау оңай болмаған. Ота таңғы сағат 8-де басталып, тек түсте аяқталған. Процедура күрделі әрі бірнеше кезеңнен тұрады.
«Мен ақымақ, шашымды қиып, қастың орнына отырғыза салады деп ойласам, олар түбірін алады екен ғой. Яғни, “луковицасын”. Операциядан кейін желкем тас болып қатты, қасым ісіп кетті. Түрім қорқынышты болды. Ертең дәкені ауыстыруға барамын. Дәрі ішемін, 7 күн бойы шаш жууға болмайды», – деп жазды ол.
Журналист бұрынғы татуажды екі рет лазермен кетіргенін де айтты. Үшіншісіне сабыры жетпеген. Салдарынан қазіргі қасының формасы сәл төмен орналасқан.
«Қасым татуаж болмағанда, қарлығаштың қанатындай болушы еді. Визажист бет пішініме қарай осылай дұрыс деді. Бәрін өлшеп, нақтылап барып салды», – дейді Жанар.
Ол отадан кейінгі бейнесін алғашында қабылдай алмағанын, бірақ дәрігердің «3–4 айдан кейін шаштың түбірі өсіп, қасыңыз қалыпқа келеді» деген сөзі көңілін орнына түсіргенін айтты.
Қазір журналист күтім кезеңінде. Ол екі апта бойы көпшілік алдына шықпауға шешім қабылдаған.

RUS