Трамп: «Әйеліме Путин ұнайды, маған да»

30.07.2025, 13:59
882
Трамп: «Әйеліме Путин ұнайды, маған да» Chip Somodevilla / Getty Images

Трамп жұбайы Меланияның Путинді жақсы көретінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Мелания Трамптың Ресей басшысы Владимир Путинге оң көзқараста екенін айтты. Бұл туралы ол Pod Force One подкастында мәлімдеді.

«Біз Путинді танимыз. Оған (Меланияға — ред.) Путин ұнайды. Маған да. Мен онымен өте жақсы қарым-қатынаста болдым», — деді Трамп.

Алайда ол Ресейдің Украина аумағына жасаған шабуылдарына байланысты Путинге қатысты көзқарасының өзгергенін тағы да қайталап айтты.

Шілде айында The Times басылымы жариялаған мақалада Мелания Трамптың күйеуінің саяси шешімдеріне ықпалы жеткілікті болуы мүмкін екені жазылған.

Дональд Трамп кейінірек Мелания тек «қан төгілмесін» деп қана тілейтінін алға тартты. Ал АҚШ Конгресі өкілі, республикалық партия мүшесі Дон Бэконның айтуынша, Трамптың Украина мәселесіндегі ұстанымы жұбайының ықпалымен өзгерген.

Айта кетейік, кеше АҚШ президенті Ресейге соғысты тоқтату үшін 10 күн мерзім берді. Ол Стамбулда өтіп жатқан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде ешқандай ілгерілеу жоқтығына наразылығын білдірді.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді