SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелерін жариялады. Есепке сәйкес, компания мұнай мен газ өндіру көлемін едәуір арттырған.
2024 жылдың алғашқы алты айымен салыстырғанда, мұнай өндіру көлемі 8,8%-ға өсіп, 13 миллион тоннағажеткен. Ал тасымал көлемі 0,3%-ға қысқарып, 41,6 млн тоннаны құрады.
Қазақстан мен Румыниядағы ҚМГ зауыттарында шикізат өңдеу 16,5%-ға артып, 10 млн 375 мың тоннаға жеткен. Газ өндіру бойынша өсім тіпті жоғары – +18,3%.
2025 жылдың алғашқы жартысында ҚМГ құрылымындағы компаниялар тәулігіне орта есеппен 549 мың баррель мұнай өндірген. Барлық өндірілген газ көлемі 5,7 млрд текше метр болды.
Мұнай өндірудегі негізгі өсімді Теңіз қамтамасыз еткен (+35,5%). Одан кейін Қарашығанақ (+4,6%). Ал Қашағанда керісінше, өндіріс -1,4%-ға азайған. Себебі — мұнай құрамындағы газ үлесі артқан.
«Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» өндірісті шамамен 1%-ға арттырса, «Маңғыстаумұнайгазда» кері динамика байқалған (-0,6%).
— «2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Өзенмұнайгаз», «Ембімұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларындағы мұнай өндіру деңгейі өткен жылғы көрсеткіштерге ұқсас. Ал газ өндіру көлемі тиісінше 7,7%және 2,4%-ға өсті. Бұл өсім газ факторы жоғары ұңғымалардың іске қосылуымен байланысты», — деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» компаниясынан.
ҚТҚ мұнай құбыры арқылы тасымал көлемі 8,5%-ға артып, 36 млн тоннаға жетті. Жалпы тасымалдың азаюына теңіз арқылы жеткізілімнің қысқаруы себеп болған (-10,6% — Каспиймен, -16,6% — ашық теңіз арқылы).
Мұнай өңдеу бойынша ең жақсы нәтиже Шымкент мұнай өңдеу зауытында тіркелді — өндіріс 22%-ға артты. Ең төмен көрсеткіш Caspi Bitum зауытында — -34,5%. Ал шетелдік зауыттардағы (Vera мен Petromidia) өңдеу көлемі орта есеппен 60,7%-ға өскен.
Айта кетейік, өткен аптада Қазақстан мұнайын Еуропаға экспорттау барысында Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа жарлығына байланысты уақытша кідіріс болған. Ресей бұл бағыттағы жеткізілімге қалай әсер ете алатынын бұған дейін егжей-тегжейлі жазған болатынбыз.
RUS