Ер адам 15 жастағы ұлын насыбай атты деп азаптап өлтіріп, видеоға түсірген

Аиса Махамбет Редактор
30.07.2025, 15:55
1932
Ер адам 15 жастағы ұлын насыбай атты деп азаптап өлтіріп, видеоға түсірген Коллаж Asia-Plus

Күдікті ұлын көлікпен сүйреген. Артынша мәйітті жасырмақ болғанда полицияға ұсталған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі Турсунзаде қаласының 40 жастағы тұрғыны өз ұлын ұрып-соғып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Оқиға 2025 жылғы 26 шілдеде болған. Полицияның мәліметінше, ер адам 15 жастағы ұлын ақша ұрлады деп күдіктенген: мамыр айында – 800 сомони, шілдеде – 600 сомони жоғалған.

Күдікті баласын мойындату үшін «Тико» көлігіне отырғызып, Турсунзаде қаласындағы Навобод жамоаты аумағына алып кеткен. Сол жерде баланың аяғына шамамен екі метрлік сым байлап, екінші ұшын көлігіне бекітіп, 100 метрге жуық сүйреткен.

Жасөспірім алған ауыр жарақаттарынан кейін үйінде көз жұмған.

Қазір күдіктіге Қылмыстық кодекстің 110-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне соқтырған жағдай») бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. ІІМ баланың аты-жөнін жариялаған жоқ.

Алайда «Озоди» радиосының дерегінше, марқұмның аты — Хисрав Одинаев, ал әкесі — Назари Парвиз Одинаев.

Asia-Plus басылымының ақпарат көзі ер адамның баланы бірнеше күн бұрын насыбай қолданғаны үшін ұрғанын хабарлаған. Келесі күні жасөспірім үйден қашып кетіп, әкесінің тағы 600 сомониін алып, Душанбеге — әпкесінің үйіне барған.

Бірақ кейін әпкесі баланың әкесіне хабарласып, оны үйден алып кетуін сұраған. Баланы алып келе жатқан жолда күдікті оны көлікке байлап, жермен сүйретіп, артынша азаптап, камераға түсіріп, ақша мен насыбайға қатысты сұрақтар қойған. Жасөспірім ақша жұмсағанын мойындаған, бірақ насыбай қолданбағанын айтқан.

Осыдан кейін ер адам ұлын үйдің жертөлесіне жауып қойған. Анасы мен басқа балалар болғанымен, олар баланың жағдайын біле алмаған — ер адам жақындарын жертөлеге жолатпапты.

Келесі күні таңертең ер адам ұлының жағдайы нашарлағанын байқап, жергілікті дәрігерді шақырған. Дәрігер келгенде баланың қайтыс болғанын анықтаған. Оқиғаны жасыру үшін ата-анасы баланың денесін жуып, туған ауылдары — Балджувонға жерлеуге апармақ болған, алайда жолда полиция оларды ұстап үлгерген.

Қазір күдікті қамауда отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды