Адвокат: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шерзат Болаттың ісінде адвокат болған Бағдат Амандосұлы Гүлайым Рахмонова туралы мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова қатысқан жол апатына байланысты оған 10 жылға дейін түрме жазасы тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Бағдат Амандосұлы Sports24.kz порталына берген пікірінде айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Toyota Land Cruiser 200 автокөлігінің аударылып, екі адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған еді. Көлік Қарағанды облысы бағытынан Алматыға қарай келе жатқан. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, көлікті басқарған – Гүлайым Рахмонова, ол Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы.
Адвокаттың айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адамның қайтыс болуына байланысты жүргізушіге 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
— Алайда сот үкім шығарғанда айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының бар-жоғын да ескереді. Егер әйелдің 14 жасқа толмаған баласы болса, бұл жазаны тағайындау кезінде жеңілдететін фактор ретінде қаралуы мүмкін, — дейді заңгер.
Сонымен қатар, заң бойынша бұл ауыр қылмыс ретінде қаралатындықтан (ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі), тараптардың татуласуы негізінде қылмыстық істі тоқтату мүмкін емес.
Материал авторы