Алматыда тағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек

27.03.2023, 15:05
879
Алматыда тағы қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алмау керек smartnews.kz

Алматы әкімдігі жылжымайтын мүлік сатып алмас бұрын құрылыс компаниясының құжаттарын мұқият тексеруді ұсынады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Желілерде құрылысқа қажетті рұқсаты жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді сату туралы хабарландырулар тарап жатыр.

Алматы қаласының әкімдігі толық құжаттаманың болмауына байланысты жылжымайтын мүлікті сатып алуға болмайтын тағы екі тұрғын үй кешенін атады:

- «Auezov Apartaments» ТК - Алмалы ауданы, Қарасай батыр көшесі, 183/19. Тапсырыс беруші «Garant LTD Service» ЖШС.

2021 жылғы 30 сәуірде тапсырыс беруші тарапынан «Garant LTD Service» ЖШС жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңартуға және қолданыстағы құрылыстарды бұза отырып, қызмет көрсету объектілері бар әкімшілік ғимараттың қосымша құрылысын салуға хабарлама берді.

Алайда, жылжымайтын мүлікті сату сайттарында көрсетілген мекенжай бойынша пәтерлердің жарнамасы орналастырылған, бұл қолда бар құжаттарға сәйкес келмейді.

- «Tole bi Residence» ТК - Алмалы ауданы, Аносов көшесі, 103 «Б». Тапсырыс беруші «Adal Сity Stroy» ЖШС.

Хабарламадағы ақпаратқа сәйкес, 1-блок құрылысының 1-кезегі 2023 жылдың 4-тоқсанында пайдалануға беріледі.

Алайда, бүгінгі күні жоғарыда аталған объект бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмеген.

«Алматылықтарға жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет екенін еске саламыз, мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша жасауға болады»,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды