Араб елдері ХАМАС-ты Газа секторынан кетуге шақырды

31.07.2025, 09:54
478
Араб елдері ХАМАС-ты Газа секторынан кетуге шақырды Majdi Fathi/NurPhoto via Getty Images

Газа секторын қалпына келтіруді бастайық дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Катар, Сауд Арабиясы мен Мысыр бастаған бірқатар араб елдері ХАМАС қозғалысын Газа секторынан кетіп, қару-жарағын Палестина автономиясына тапсыруға шақырды. Бұл үндеу Нью-Йоркте өткен екі мемлекет формуласы туралы халықаралық конференция барысында жасалды.

Палестина автономиясының премьер-министрі Мұхаммед Мұстафа форум мінберінен сөйлеп, халықаралық бейбітшілік күштерін аймаққа шақыруға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, бұл қадам Газа секторын қалпына келтіру мен бейбіт өмірді қамтамасыз етуге бағытталған.

Еуропалық одақ пен Араб мемлекеттері лигасы жеті беттен тұратын арнайы декларацияны қолдап, оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қыркүйекке дейін ресми түрде бекітеді деп күтілуде. Бұл бастамаға басқа елдердің де қосылу мүмкіндігі бар.

Францияның Еуропа істері жөніндегі министрі Жан-Ноэль Барро қабылданған құжатты «тарихи және бұрын-соңды болмаған» шешім деп атады. Конференция барысында 15 батыс елі, Франция жетекшілігімен, Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындауға үндеді.

Сонымен қатар, құжатта ХАМАС-тан Израиль азаматтарын тұтқыннан босату талап етілген. Қатысушы елдер Газа секторындағы ауыр гуманитарлық жағдайға алаңдап, соғысты тоқтатуға үндеді. Бұл қақтығыс екі жылдан бері жалғасып келеді.

Айта кетейік, АҚШ пен Израиль бұл конференцияны бойкоттады. Олар қазіргі жағдайда Палестина мемлекетінің құрылуын террорды қолдау деп бағалайды.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады