Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жықты

31.07.2025, 10:10
1777
Жамбыл облысында жұмысшы қытайлық бастығын соққыға жықты Алексей СЕРГУНИН / KP.RU

Бастық табелге қол қоюдан бас тартқанда, жұмысшы ашуға булығып оны ұрып тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мойынқұм аудандық соты Жамбыл облысындағы зауыттардың бірінде болған жанжалға нүкте қойды. Істің материалдарына сүйенсек, қазақстандық жұмысшы өз басшысын — Қытай азаматын ұрып-соққан.

Оқиға 2025 жылғы маусым айында болған. Жұмысшы инженер қызметін атқаратын шетелдік азаматтан жұмыс уақыты табелін қол қоюды сұраған. Алайда басшысы қол қоюдан бас тартқан кезде, ашуға булыққан жұмысшы оның беті мен денесіне бірнеше рет соққы жұмсаған.

Жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алмағанымен, физикалық ауырсыну сезінгенін мәлімдеген. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтып, кешірім сұраған. Алайда қытайлық инженер кешірім беруден бас тартып, моральдық зиян үшін өтемақы талап еткен.

Сот айыпталушыны 40 АЕК (157,2 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеп, сонымен қатар жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеу туралы үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасы үшін халықтан кешірім сұрады Семейде қызды түн ішінде көлікке күштеп отырғызған ер адам жазаланды (ВИДЕО) Жасырын діни мектептер әшкере болды: балаларды сабап, ата-аналардан ақша алған Сара Назарбаева үш айға жуық уақыт бойы ауруханада ем қабылдап жатыр Ресей Сирия аумағын геосаяси қақтығыс алаңы ретінде пайдалануға қарсы екенін жеткізді Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрып тастаған АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты Батыс елдері Иран арнайы қызметтерінен төнетін қауіптің күшейіп жатқанын мәлімдеді 1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай «Сен мені кешірші»: белгілі директор Ақмоншақ Нұртазаның қызы студияда жылап қалды «Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді «Ауғанстанға көшіп кет»: Баян Алагөзова мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке шүйлікті Басы дауға қалған Жанқош Тұраров шаршы алаңға қайта оралмақ Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салып бермек Жаңа көлік министрі пойыздардың кешігуін тоқтатамын деп уәде берді «Небәрі 8 ай бұрын үйлендік»: Жоғалған тікұшақтағы ұшқыштың жары жүрек тебірентер жазба жариялады Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО) «1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды