Алматыда ҚазҰУ студенті ректораттың 14-қабатынан секіріп көз жұмды

31.07.2025, 10:48
755
Алматыда ҚазҰУ студенті ректораттың 14-қабатынан секіріп көз жұмды yandex.ru

Қайтыс болған 1-курс студенті екені белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 шілде күні күндіз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорлық ғимаратында қайғылы жағдай болды — Шығыстану факультетінің 1-курс студенті 14-қабаттан секіріп мерт болды. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм түркология мамандығы бойынша білім алып жүрген. Қайғылы оқиғаға отбасылық қиындықтар себеп болуы мүмкін екенін Алматы қалалық ПД растады. Қазір Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, студент оқудан шығып қалу қаупі немесе оқу ақысын төлеу мүмкіндігінің болмауы салдарынан осындай шешім қабылдауы ықтимал.

«Орда» дереккөзі хабарлауынша, университет әкімшілігі қызметкерлердің телефондарына тексеру жүргізіп, оқиға орнынан сурет пен видеолардың таралмауын қадағалаған.

«Сағат 18:00-ге дейін ректорлық ғимараттың есіктері іштен жабық болды, ешкімді кіргізбеді. Қызметкерлердің телефондары тексерілді», — деді дереккөз.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың маусымында ҚазҰУ маңындағы субұрқақта талапкер ток соғып қаза тапқан еді. Ол кезде университет балансына тиесілі гидротехникалық нысан үшін қала билігі жауапты екенін айтқан. Ал Білім министрі Саясат Нұрбек марқұмның фонтанға не үшін кіргенін түсінбейтінін жеткізген болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады