«Екі қызды аман алып шықты, үшіншісін құтқарамын деп өзі кетті»: Ақтауда 5 баланың әкесі ерлікпен қаза тапты

31.07.2025, 11:14
1273
«Екі қызды аман алып шықты, үшіншісін құтқарамын деп өзі кетті»: Ақтауда 5 баланың әкесі ерлікпен қаза тапты istockphoto.com

Батып бара жатқан жас жігіт Ерланның аяғынан ұстап алып, екеуі де суға кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау маңындағы Каспий теңізінде үш адамды құтқармақ болған 39 жастағы Ерлан Шоңтабаев суға батып мерт болды. Ол – бес баланың әкесі. Ерлікпен қаза тапқан азаматты жақындары мен ауылдастары Құрық ауылындаақтық сапарға шығарып салды.

Оқиға өткен демалыс күндері Ақтау маңындағы демалыс базаларының бірінде болған. Шоңтабаев достарымен бірге теңіз жағасына демалуға барған. Сол маңда шомылып жүрген екі қыз бен екі жігіттен тұратын жас топтың бірі суға бата бастайды.

Жақындарының айтуынша, Ерлан еш ойланбастан суға секіріп, екі қызды құтқарып жағаға шығарған, кейін тұншығып жатқан жас жігітке көмекке ұмтылған. Алайда сол сәтте жас жігіт Ерланның аяғынан ұстап алып, екеуі де суға кеткен.

«Айқай шыққанын ести сала Ерлан суға қойып кетті. Қыздарды аман алып шықты. Бірақ үшіншісіне көмектесемін деп өзі суға кетті. Әлгі жігіт қорыққанынан Ерланның аяғына жармасып алған болуы мүмкін», – дейді туыстары.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға болған сәтте ешкім ішімдік ішпеген.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 1986 жылы туған Шоңтабаевтың денесі жағадан 10 метр қашықтықта табылып, жағаға шығарылған. Ал 2001 жылғы жас жігіттің мәйіті түнгі сағат 00:05 шамасында 1,5 метр тереңдіктен табылған.

Сол күні жағаға шыққан екі қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.

Марқұмның артында жұбайы мен бес баласы қалды. Ең кішісі – бар болғаны үш айлық сәби.

Жерлеу рәсіміне құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері де қатысып, марқұмның жарына Маңғыстау облысы ТЖД басшысы Мұрат Мұхановтың атынан алғыс хат табыстаған.

«Көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ерлан Шоңтабаевтың отбасына шексіз алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз азаматтың ісі», – делінген ақпаратта.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді