Астанадағы ойын-сауық орталығында 4 жастағы бала бірнеше сүйегін сындырып алған

Азиз Қалижан Редактор
31.07.2025, 12:16
555
Астанадағы ойын-сауық орталығында 4 жастағы бала бірнеше сүйегін сындырып алған HALYQSTAN

Баланың ата-анасы ешкім жауапқа тартылмағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы балалар ойын-сауық орталықтарының бірінде 4 жастағы бала алаңқайда ойнап жүріп ауыр жарақат алды. Бүлдіршіннің бірнеше қол сүйегі сынып, сіңіріне дейін жеткен жарақат алған.

Туыстарының айтуынша, оқиға осыдан төрт ай бұрын болған, алайда ешкім жауапқа тартылмаған. Анасының сөзінше, бала арнайы ойын платформасында ойнап жатқан сәтте жарақат алып, шұғыл операция жасалған. Кейін жара инфекцияға ұшырап, 27 наурызда екінші рет наркоз арқылы хирургиялық өңдеу жүргізілген.

 

Оқиғаға қатысты балалар орталығының әкімшілігі түсініктеме беріп, оқиғаның болғанын растады. Олар барлық ойын жабдықтары Еуразиялық экономикалық одақтың 042/2016 ТР «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай сертификатталғанын мәлімдеді.

«Біз бірден баланың ата-анасымен байланыс орнатып, көмектесуге тырыстық. Емдеу шығындарын өтеуге, баланың толық айығуына дейін қолдау көрсетуге дайын болдық. Бірақ біраз уақыттан кейін ата-анасы бізбен байланысудан бас тартып, қоғам алдында айыптауға көшті. Алайда біздің тарапымыздан ешқандай бейқамдық болған жоқ. Медициналық анықтамалар мен нақты ем-дом шығындары бізге ұсынылмады», – деді орталық әкімшілігі.

Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазіргі уақытта бейнебақылау жазбалары зерттеліп, сот-медициналық сараптамалартағайындалды. Оның нәтижесіне сай заң аясында шешім қабылданады. Сонымен қатар ойын алаңының басшылығына және жергілікті атқарушы органдарға жарақат алуға себеп болған жағдайларды жою туралы ұйғарым жолданды», – деді полиция өкілі.

Полиция ойын-сауық нысандарының иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Балаға ауыр жарақат әкелген немқұрайдылық үшін заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды