Bek Air ұшағы апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған

31.07.2025, 13:13
514
Bek Air ұшағы апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған Reuters / Pavel Mikheyev

Жаңа көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада өткен Үкімет кулуарында Қазақстанның көлік министрі Нұрлан Сауранбаев бес жыл бұрын болған Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа берілгенін растады.

«Қылмыстық іс аясындағы негізгі тергеу ресми түрде аяқталды», – деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, бұл резонансты іске қатысты қоғамда әлі де көп сұрақ бар, сондықтан министрлік қызметтік тергеуді қайта бастаған.

«Қоғам тарапынан, журналистер тарапынан көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Сондықтан біз өз ішімізде қосымша қызметтік тексеріс жүргізіп жатырмыз. Егер қосымша деректер анықталса, оны басқа да құзырлы органдарға жолдаймыз», – деді ол.

Еске салайық, Bek Air компаниясының Z9-2100 рейсімен ұшқан Fokker-100 ұшағы 2019 жылдың желтоқсанында Алматы маңында апатқа ұшырап, 12 адам қаза тапқан еді. Бұл – еліміздегі соңғы ірі әуе апаттарының бірі.

Апаттан кейін Bek Air-дің жұмысы тоқтатылып, лоукостер лицензиясынан айырылған. Қазір бұл компания туралы көпшілік ұмыта бастағанымен, ұшақ апатының себептері мен салдарына қатысты сұрақтар әлі де өзекті.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды