Аутизмі бар баланың анасы автобустағы жанжалдан кейін әйелмен татуласудан бас тартты

31.07.2025, 13:47
832
Аутизмі бар баланың анасы автобустағы жанжалдан кейін әйелмен татуласудан бас тартты бейнежазбадан

Автобуста кішкентай қыздың анасы «Ақымақ» деп тіл тигізген әйелмен татуласудан бас тартты. Әйел ол сөзді айтқан жоқпын деп ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада аутизмі бар алты жасар қыздың анасы қоғамдық көлікте болған жанжалдан кейін қарсы тараппен татуласудан бас тартты. Бұл туралы анасы Сағина әлеуметтік желіде жариялаған бейнеүндеуінде айтты.

 

Оқиға қала ішіндегі автобустың ішінде болған. Сағинаның айтуынша, бейтаныс әйел оның қызына дөрекі сөз айтып, балаға қатысты ауыр сын айтқан. Кейін бұл әйел анасының әлеуметтік желідегі парақшасын тауып, кешірім сұраған.

«Мен оған: «Жай мен емес, бүкіл қоғамнан кешірім сұрауың керек», дедім. Өйткені бұл видеоны көріп, оқиғаға қатысы болмаса да, ерекше баласы бар көп ата-ана өзіне қабылдады», – дейді Сағина.

Полиция өкілі тараптарды татуластыру үшін бейнежазба түсіруді ұсынған. Жоспар бойынша, әйел кешірім сұрап видеоға түсіп, анасы өз тарапынан арыздан бас тартуы тиіс еді. Алайда жоспарланған кездесудің алдында балаға тіл тигізген әйел ақпараттық арнаға сұхбат беріп, өзін қоғамның қысымына ұшыраған «кінәсіз» адам ретінде көрсеткен.

«Ол видеода жылап отыр, «Мені бүкіл Қазақстанға масқаралап жіберді, мен тек ескерту айттым» дейді. Бірақ ол «қызың дарынсыз, сені жазалатамын» дегенін мүлде айтпаған», – деп ашынды Сағина.

Оның айтуынша, бұл әйел бұған дейін өз әрекетін шаршаған күйімде болдым деп ақтауға тырысқан, ал кейін Сағинаны видеоға түсіргені үшін сотқа беремін деп қоқан-лоқы жасаған.

«Мен оған шын көңіліммен көмектескім келді. Бірақ ол шын жүректен кешірім сұраудың орнына, бәрін өтірікпен жаппақ болды. Сондықтан ешқандай арыздан бас тартпаймын», – деп түйіндеді ол.

Сағина сонымен қатар ол әйелмен болған жеке хат алмасуын да жариялады.

Айта кетейік, жанжалға себеп болған аутизм диагнозымен өмір сүретін алты жасар Анисаға қатысты айтылған сөздер еді. Қоғамдық көлікте өзге жолаушы оны «ерекше қылықтары» үшін кемсітіп, сөзбен шапқан. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырып, «Аутизм Қазақстан» ұйымы жұртты түсіністік пен адамгершілікке шақырды

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды