АҚШ Трамптың кеткенге дейін Айға қайтадан қонуды жоспарлап отыр

31.07.2025, 14:04
884
АҚШ Трамптың кеткенге дейін Айға қайтадан қонуды жоспарлап отыр nasa.gov

NASA басшысы ерекше мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі аяқталғанға дейін Америка Құрама Штаттары Айға адам қондыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы NASA басшысы міндетін атқарушы әрі АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

«Бұл миссия Трамптың президенттігі кезінде жүзеге асады», – деді ол.

Даффидің айтуынша, 2026 жылы Айға қонатын экипаж NASA-ның Artemis бағдарламасы аясында жіберіледі. Бұл – Марсқа ұшуға дайындықтың маңызды кезеңі. Ал 2026 жылдың басында экипаж мүшелері қатысатын алғашқы ұшу – Айды айналып ұшатын миссия — жүзеге асады.

NASA Айда тұрақты база салуды жоспарлап отыр. Мекеме өкілдері бұл база кейінгі Марсқа сапарға дайындық үшін қажет болады деп санайды.

«Біз Айда тұрақтаймыз. Сол жерде жиналған тәжірибе мен білім бізге Қызыл планетаға жетуге мүмкіндік береді», – деді Даффи.

Айта кетейік, Artemis бағдарламасы 2019 жылы басталған. Алғашқы кезеңінде — 2022 жылы — Orion кемесімен Айды автоматты режимде айналып ұшу жүзеге асты. Енді Artemis II миссиясы аясында Айды экипажбен айналып шығу көзделіп отыр. Ал негізгі кезең — Artemis III — Айға нақты қонумен аяқталуы тиіс.

Бұған дейін қондыру 2024 жылға жоспарланған болатын, алайда дайындық пен қауіпсіздік талаптарына байланысты ол 2027 жылдың ортасына шегерілген еді.

Тағы бір ерекшелік: Artemis III миссиясы кезінде NASA астронавтары алғаш рет Prada сән үйі жасаған скафандрлармен Ай бетіне қонады. Итальяндық сән бренді Axiom Space компаниясымен бірігіп, заманауи әрі төтенше ғарыштық жағдайларға төтеп бере алатын жабдық әзірлеп жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды