Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш ірі жылу электр станциясын салмақ

31.07.2025, 14:32
900
Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш ірі жылу электр станциясын салмақ SMARTNEWS.KZ коллажы

Роман Скляр алдағы уақытта Көкшетау, Семей және Өскеменде салынатын ЖЭС туралы маңызды мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр станцияларын ресейлік қатысусыз салу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бүгін, 31 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бұған дейін бұл жобаларды Ресейдің «Интер РАО» компаниясы жүзеге асыруы тиіс болған. Алайда Склярдың айтуынша, ресейлік тарап қажетті экспорттық қаржыландыруды қамтамасыз ете алмаған.

«Сондықтан бұл нысандарды Қазақстан өз күшімен салады. Мәселен, кеше Көкшетау жылу электр орталығының құрылысы қарқын алғаны туралы хабарланды. Бұл жобаның тапсырыс берушісі – “Самұрық-Энерго” компаниясы. Семей мен Өскеменде де дәл осындай схема қолданылады», – деді Скляр.

Сонымен бірге, ол ресейлік тараптан кейінірек қаржыландыру жөнінде ұсыныстар түссе, «Самұрық-Энерго» оларды серіктес ретінде қарастыруы мүмкін екенін атап өтті.

«Егер олардан ұсыныстар түссе, ешқандай шектеу жоқ – серіктестікке жол ашық», – деді Үкімет өкілі.

Станциялар қуаттылық нарығының ережелеріне сай салынып жатыр. Склярдың айтуынша, тарифтер қолданыстағы шектеулерден аспайды. Әзірге нақты есеп болмаса да, бір гигаватт қуат бірлігіне шаққанда орташа құны 2–2,5 млн доллар болуы мүмкін екенін айтты.

Инвесторлар кім болуы мүмкін?

Еске сала кетейік, биылғы 9 шілдеде Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиясов үш ЖЭО-ның құрылысына инвесторлар әлі де іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. Ол Қытай мен Корея энергетикалық компанияларының қызығушылық танытып отырғанын айтқан.

Ал 15 шілдеде Премьер-министр Олжас Бектенов аталған жобалар мемлекет бюджетінен қосымша қаржы талап етпейтінін, яғни жеке инвестиция есебінен жүзеге асатынын мәлімдеген еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді