Трамп Палестинаның тәуелсіздігін мойындаймыз деген Канадаға сес көрсетті

31.07.2025, 14:58
649
Трамп Палестинаның тәуелсіздігін мойындаймыз деген Канадаға сес көрсетті Carlos Barria / Reuters

Сауда келісіміне қауіп төнеді деп қорқытты Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданың Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындау ниетін сынға алып, бұл шешім екі ел арасындағы сауда келісіміне кедергі келтіруі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Мәссаған! Канада Палестинаның тәуелсіздігін қолдайтынын мәлімдеді. Бұл біз үшін сауда келісімін жасау процесін едәуір қиындатады. Ой, Канада!», – деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Канаданың бұл қадамы туралы елдің премьер-министрі Марк Карни 28 шілденің кешінде мәлімдеген. Оның сөзінше, ресми мойындау қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында жариялануы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін Палестинаны тануға Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де дайын екендерін білдірген.

Сауда келісімі неге бұлыңғыр?

Қазіргі таңда АҚШ Канададан әкелінетін бірқатар тауарға жоғары кедендік баж салығын қолданып отыр:

болат пен алюминийге – 50%,

автокөлік пен USMCA (АҚШ–Канада–Мексика) келісімінен тыс тауарларға – 25%,

мұнай, газ және калий тыңайтқыштарына – 10%.

Шілде айының басында Трамп егер тараптар 1 тамызға дейін жаңа келісімге келмесе, кейбір салаларға қосымша 35% көлемінде тариф енгізілетінін ескерткен.

Канада келісімді сақтағысы келеді

Канада мен АҚШ арасындағы келіссөздер шілде айының соңына қарай қарқынды кезеңге өтті. 29 шілдеде Канаданың АҚШ-пен сауда байланысына жауапты министрі Доминик Леблан елдің Вашингтонмен келісімге келуге мүдделі екенін мәлімдеді.

«Біз келісімді 1 тамызға дейін жасасамыз деп үміттенеміз. Қазір келіссөздер өте қарқынды жүріп жатыр», – деді ол.

Канадалық өнімдер АҚШ импортының 17,4 пайызын құрайды. Сондықтан да бұл келісім екі ел экономикасы үшін де маңызды болып отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды