Атышулы қылмыс: Мотоциклде отырған жігітті пышақтап кеткен қылмыскер сотталды

31.07.2025, 15:20
726
Атышулы қылмыс: Мотоциклде отырған жігітті пышақтап кеткен қылмыскер сотталды бейнежазбадан

Қаскөй жанармай бекетіне тоқтаған жігіттің арқасы мен кеудесіне бірнеше рет пышақ сұққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында жанармай құю бекетінде мотоцикл жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған ер адам 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті.

Оқиға сәуір айында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада мотоцикл тізгіндеген ер адамның жанармай бекетіне жақындап келе жатқаны, оның артынан белгісіз бір ер адамның еріп жүргені байқалады. Бір сәтте ер адам қалтасынан пышаққа ұқсас зат шығарып, мотоцилистке бірнеше мәрте соққы жасайды.

Кейін ол ақ түсті автокөлікке отырып, оқиға орнынан із суытады. Бейнежазбада шабуылдың аяқ астынан болғаны, ал мотоцилистің мұндай әрекетті күтпегені анық көрінеді.

Жараланған азаматты полиция қорғауға алды. Ал оқиғаның өзі қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Сот шешімі қандай болды?

Сотта анықталғандай, күдікті Ә. мотоцикл жүргізушісіне қасақана кісі өлтіру ниетімен, бұзақылық пиғылмен шабуылдаған. Ол жәбірленушінің арқа және кеуде тұсынан пышақпен екі рет ұрған. Алайда куәгерлердің араласуының арқасында қылмыс соңына дейін жүзеге аспаған.

Істің барлық мән-жайы куәгерлердің түсініктемелері, сараптама қорытындылары, оқиға орнындағы бейнежазба және басқа да айғақтар арқылы дәлелденген.

Прокурор айыпталушыға Қылмыстық кодекстің:

287-бабы 1-бөлігі (Суық қаруды заңсыз сақтау немесе өткізу) бойынша — 100 АЕК көлемінде айыппұл,

24-бап 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу),

99-бап 2-бөлігінің 9-тармағы (Бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталу) бойынша — 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Жәбірленуші де қатаң жаза беруді талап етіп, моральдық зиян үшін 10 миллион теңге, ал материалдық шығын үшін 1,3 миллион теңге көлемінде өтемақы сұрады.

Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

«Сот үкімімен Ә. кінәлі деп танылып, жаза тағайындау кезінде жеңіл жаза ауыр жазаға сіңіріліп, оған түпкілікті 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды