Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
31.07.2025, 16:34
347
Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО) әлеуметтік желі

Ер адамның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 60 жастағы ер адамның көпшілік жүретін саябақта тыр жалаңаш жүрген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға таңертеңгі уақытта болған. Куәгерлердің айтуынша, жалаңаш жүрген азамат Ұлттық теннис орталығы мен St. Regis қонақүйінің арасындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүрген. Бұл — қала тұрғындары жиі өтетін аймақ, әрі жақын маңда балалар жаттығулары өтетін орындар бар.

Қалалық Полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша 60 жастағы ер адам ұсталды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп мәлімдеді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

«Қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, айналадағыларға құрметпен қарауға шақырамыз», — делінген хабарламада.

Ер адамның бұл әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз.

Мирас Жүгінісов басы дауға қалған ағасы үшін халықтан кешірім сұрады Семейде қызды түн ішінде көлікке күштеп отырғызған ер адам жазаланды (ВИДЕО) Жасырын діни мектептер әшкере болды: балаларды сабап, ата-аналардан ақша алған Сара Назарбаева үш айға жуық уақыт бойы ауруханада ем қабылдап жатыр Ресей Сирия аумағын геосаяси қақтығыс алаңы ретінде пайдалануға қарсы екенін жеткізді Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрып тастаған АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты Батыс елдері Иран арнайы қызметтерінен төнетін қауіптің күшейіп жатқанын мәлімдеді 1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай «Сен мені кешірші»: белгілі директор Ақмоншақ Нұртазаның қызы студияда жылап қалды «Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді «Ауғанстанға көшіп кет»: Баян Алагөзова мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке шүйлікті Басы дауға қалған Жанқош Тұраров шаршы алаңға қайта оралмақ Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салып бермек Жаңа көлік министрі пойыздардың кешігуін тоқтатамын деп уәде берді «Небәрі 8 ай бұрын үйлендік»: Жоғалған тікұшақтағы ұшқыштың жары жүрек тебірентер жазба жариялады Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО) «1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды