Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты

01.08.2025, 10:10
24994
Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты SMARTNEWS.KZ коллажы

Экспорт көлемінің 52%-ы дәл осы екі мемлекетке тиесілі екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың алғашқы алты айында Ресейден экспортталған электр энергиясының негізгі бөлігі Қазақстан мен Қырғызстанға бағытталған. Бұл туралы ресейлік «Интер РАО» энергетикалық холдингінің жариялаған есебінде айтылды.

Мәліметке сәйкес, экспорт көлемінің 52%-ы дәл осы екі мемлекетке тиесілі, ал тағы 16%-ы Моңғолияның үлесіне тиген.

«2025 жылдың алғашқы жартысында Ресейден сыртқа шығарылған электр энергиясының 52 пайызы Қазақстан мен Қырғызстанға жөнелтілді. Тағы шамамен 16 пайызы Моңғолияға экспортталған», – делінген «Интер РАО» компаниясының хабарламасында.

Компания нақты қандай көлемде электр қуаты Қазақстан мен Қырғызстанға жіберілгенін ашып айтпаған. Дегенмен жалпы экспорт көлемі 3,075 миллиард киловатт-сағатты құрағаны белгілі.

Айта кетейік, «Интер РАО» бұған дейін Қазақстандағы үш жылу электр станциясының (ЖЭС) құрылысын жүргізетін негізгі мердігер ретінде ұсынылған болатын. Алайда жуырда Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр бұл жобаларды елдің өзі жүзеге асыратынын ресми түрде мәлімдеді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды