11477

eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі

Құжат керек болса, қағазын дайындап қойыңыз – eGov.kz біразға сөнеді

eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі
Tengrinews.kz/Алихан Сариев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) 2 тамыз күні түнде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлады. Соған байланысты бірнеше маңызды электрондық мемлекеттік қызметтер уақытша қолжетімсіз болады.

«Техникалық жұмыстар 2 тамызда сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі. Уақыт пайдаланушылар белсенділігі ең төмен кезеңге сәйкес таңдалды, бұл қолайсыздықты азайту үшін жасалды», – деп мәлімдеді ҰАТ баспасөз қызметі.

Осы аралықта төмендегі сервистердің жұмысы уақытша тоқтайды:

eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы (оның ішінде «Цифрлық құжаттар» сервисі);

e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;

Ұлттық куәландырушы орталық (НУЦ РК) қызметтері;

Банктердің мобильді қосымшалары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ электрондық үкімет шлюзі арқылы интеграцияланған басқа да жүйелер;

«ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар.

ҰАТ азаматтарға қолайсыздық тумауы үшін маңызды операцияларды алдын ала аяқтап, қажет жағдайда құжаттардың қағаз нұсқасын әзірлеп қоюды ұсынады.

Материал авторы