АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды

01.08.2025, 11:22
5804
АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды Алина Смутко / Reuters

АҚШ Украинамен пайдалы қазбаларды жеткізу жөніндегі келісімді заңдастыру көзделіп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Сенатының қос партиялық тобы Украинаға алдағы екі жылда 54,6 млрд доллар көлемінде көмек көрсету туралы заң жобасын ұсынды. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Құжат авторлары – Демократиялық партия өкілі Джин Шахин мен Республикалық партия сенаторы Лиза Мурковски. Заң жобасында әскери қолдау көрсету және АҚШ-тың өз қорларын толықтыру үшін қаржы бөлу қарастырылған.

Бұған қоса, ұсынылып отырған көмектің үштен бірі Ресейден тәркіленген активтер есебінен және еуропалық одақтастарға қару-жарақ сату арқылы қаржыландырылмақ.

Жоба аясында Украинамен пайдалы қазбаларды жеткізу жөніндегі келісімді заңдастыру көзделіп отыр. Осы келісім аясында табиғи ресурстардан түскен табыс АҚШ-тың шығындарын өтеуге жұмсалуы мүмкін.

Сонымен қатар, құжат АҚШ президентінің Украинаға әскери көмек жөніндегі шешімдерді біржақты қабылдау құзыретін едәуір кеңейтеді. Атап айтқанда, 2026 және 2027 жылдары бұл бағыттағы жедел шешімдер үшін қарастырылған қаржы көлемі қазіргі 100 млн доллардан 6 млрд долларға дейін ұлғайтылады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды