Құрғақшылық болуы мүмкін: синоптиктер Қазақстан диқандарына үндеу жасады

27.03.2023, 16:53
780
Құрғақшылық болуы мүмкін: синоптиктер Қазақстан диқандарына үндеу жасады unsplash

"Қазгидромет" РМК көктемгі егіс жұмысына дейін топырақтағы ылғал қорының болжамын жариялады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Жалпы болжам бойынша, еліміздің солтүстігіндегі астықты өңірлер үшін қазіргі жағдай қолайлы болмақ.

"Алайда, Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөлігінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін. Бұл бастапқы кезеңде ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін", - "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің есептеулері көрсеткендей, көктемгі дала жұмыстарына дейін Қазақстан аумағындағы егіс алқаптарының ылғалмен қамтамасыз етілуі болжанды:

  • оңтайлы деңгейден қанағаттанарлық деңгейге дейін – Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында;
  • қанағаттанарлық – Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында;
  • оңтайлы – Жетісу және Түркістан облыстарында.

"Көктемгі дала жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының соңғы болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді", - "Қазгидромет" РМК

Көктемгі дала жұмысы кезіндегі ылғал қоры туралы деректер егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінің оңтайлы нормаларын анықтауда, тұқым себу және тыңайту тереңдігін таңдауда маңызды рөл атқарады. Бұл түптеп келгенде жалпы өнімнің сапасы мен шығымына әсер етеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды