Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған

01.08.2025, 16:26
5490
Шымкентте 17 адам балмұздақтан уланып қалған SMARTNEWS.KZ коллажы

Балмұздақ пен салқын тағамдарды сатып аларда ерекше сақ болу қажет дейді маман.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 17 тұрғын балмұздақ жеп, уланған. Бұл туралы Otyrar.kz арнасы жеткізді.

Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде балмұздақ пен салқын тағамдарды сатып аларда ерекше сақ болу қажет. Қалада қазіргі таңда эпидемиологиялық тұрғыдан жоғары қауіп төндіретін 640 қоғамдық тамақтану орны, сондай-ақ аздаған тәуекелі бар 402 нысан тіркелген. Бұдан бөлек, жұмсақ балмұздақ сататын 98 сауда нүктесі жұмыс істейді.

Дегенмен, санитар мамандар мұндай нысандарды тек жоспар бойынша немесе азаматтардың шағымдары негізінде ғана тексере алады. Себебі заң бойынша себепсіз тексеру жасауға тыйым салынған.

— Прокуратура тапсырмасы немесе мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың шағымы түскен жағдайда ғана тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар алдын алу мақсатында санитарлық-ағарту жұмыстарын да атқарамыз. Егер нысан жоғары қауіп тобына жатса және санитарлық қорытындысы болмаса, оның жұмысы дереу тоқтатылуы мүмкін, — деді қоғамдық тамақтану нысандарын бақылау бөлімінің басшысы Әсем Дәулетова.

Жазда эпидемиологиялық ахуал нашарламауы үшін шомылу орындары мен демалыс аймақтарында бақылау күшейтілген.

— Көпшілікті алаңдататын сұрақ — бассейндерге су қайдан алынады? Егер орталықтандырылған су көзі болмаса, ашық су қоймаларынан алуға рұқсат етіледі. Тек су айналымы тұрақты жүріп, үнемі тазаланып отырса жеткілікті. Қазір көбіне өзін-өзі тазартатын жүйелер пайдаланылады — бұл да рұқсат етілген, — деді коммуналдық нысандарды бақылау бөлімінің басшысы Майра Қарақұлова.

Бұдан бөлек, қалада «Қошқар-Ата», «Сайрамсу», «Бадам» және «Қарасу» өзендерінің жағалауы тазартылып, қоқыс, тұрмыстық қалдықтар мен су өсімдіктері жиналды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді