847

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтетін болды

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтетін болды
Zakon.kz

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 27 наурыз, №153», - делінген құжатта.