SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса әрі блогер Сабина Мовлаева бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы, қызымен араласуы және жеке өмірі туралы алғаш рет ашық айтты. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында баяндады.
Сабинаның айтуынша, ажырасқандарына үш жыл өтсе де, қызының әкесі оған қолғабыс көрсетпеген.
«Жақында өзім хабарластым. Қызыңды көрші деп айттым. Үш жылда еш көмектеспеді. Бірақ жамандағым келмейді, өте жақсы адам. Ажырасқан соң жарты жылдай барып жүрді. Бірақ менің қырсықтығым мен бірбеткейлігім бар еді. Біржола кеттім де, артыма қарамадым. Ол да қырсығып қалды. Егер әдемі қоштасқан болсақ, бәлкім, қызымен араласар ма еді?! Қызым әкесін іздейді. Қазір ара-қатынастары жақсы емес, бірақ 2-3 айда бір рет хабарласып тұрады», – деді актриса.
Сабина бұрынғы күйеуінің басқа отбасы барын да жасырмады.
«Ажырасқаннан кейін ол жеті ай өтпей жатып қайта үйленіп кетті. Бұл жағдай мені қатты күйзеліске түсірді. Сол сәтте екі құрбыма айтып, екеуіңнің біреуіңе шығамын деп қалжыңдадым. Бірақ өзіме көңіл бөлдім. Басында қызым өскенше біреуге тұрмысқа шығып, соны әке деп айтқызам деген ой болды. Бірақ ол ойымның қате екенін түсіндім», – деді ол.
Блогер бүгінде екінші рет тұрмыс құруға асықпайтынын айтады.
«Бұрынғы күйеуім менен 14 жас үлкен еді. Мен 21-де, ол 35-те болатын. Бұған дейін үйленіп, ажырасқан екен. Енді өзім жалғызбасты ана болсам да, ажырасқан ер адамға қарағым келмейді», – деп ағынан жарылды Сабина Мовлаева.