«Lexus RX 350 бұйырыпты»: Желіде 3 минуттық макияж жасап танылған блогер Айшолпан өзіне көлік сатып алды

Азиз Қалижан Редактор
01.08.2025, 19:49
8042
«Lexus RX 350 бұйырыпты»: Желіде 3 минуттық макияж жасап танылған блогер Айшолпан өзіне көлік сатып алды бейнежазбадан

Блогер кино әлеміне де аяқ басып, танымалдылығы артқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі блогер Айшолпан Байтүгел туған күнінде өзіне үлкен сый жасады. Танымал желі жұлдызы су жаңа Lexus RX 350 көлігін мінгенін жариялап, қуанышымен Instagram парақшасында бөлісті.

 

«Бұл тек бастамасы. Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Көрімдік орнына жақсы тілек жазсаңыздар болады. Бірақ “қооой, беремін” деген жандарға қарсы емеспін. Toyota 70 емес, Lexus RX 350 бұйырыпты. Барша құттықтап жатқан алтын оқырмандарыма рақмет! Айдаладағы бөтен адамның қуанышына қуанып, уақыттарыңызды бөліп комментарий қалдырып отырған пейілдеріңізден айналдым. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», – деп жазды ол.

Блогердің қуанышын желі қолданушылары да қызу қолдап, жылы лебіздерін білдіруде. Көпшілік Айшолпанның табандылығын атап өтіп, игі тілектерін арнады.

«Маған да жұғысты болсын», «Таза еңбекпен келген көлік», «Көз алдымызда өсіп жатыр», «Айшолпан еңбекқор қыз», «Жарайсың, енді жеке пәтер ал!» – деген сынды пікірлер толассыз жазылып жатыр.

Айта кетейік, Айшолпан Байтүгел – әлеуметтік желіде белсенділігімен көзге түсіп жүрген жас актриса. Оның контенті мен еңбекқорлығы көптеген оқырманға мотивация беріп келеді.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды