SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 24 жастағы Жасұлан Өмбетов өзеннен өлі табылды. Бұл туралы оның туыстары мен құқық қорғау органдары растады.
Марқұмның денесі бүгін Жилгородок ықшамауданындағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңындағы Жайық өзенінен табылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Бұған дейін Жасұланның туыстары оның үйден шығарда телефонын тастап, ішіндегі барлық деректі өшіріп кеткенін айтқан еді. Оны соңғы рет Алмагүл ықшамауданында бейнебақылау камерасы тіркеген.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.