2431

Қарағанды маңында мотоциклші полиция көлігіне соғылып көз жұмды

Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Қарағанды маңында мотоциклші полиция көлігіне соғылып көз жұмды
unikal.az

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында болған жол апаты мотоцикл жүргізушісінің өмірін жалмады. Қайғылы оқиға 3 тамыз таңғы уақытта Алматы – Екатеринбург трассасында тіркелген.

Полицияның мәліметінше, таңғы сағат 7:30 шамасында 42 жастағы байкер жол жиегінде тұрған қызметтік Kia Sportage көлігін байқамай, жоғары жылдамдықпен келіп соғылған. Жүргізуші тіпті тежелуге әрекет те жасамаған көрінеді.

– Соққы өте қатты болды. Мотоцикл полиция көлігінің артқы бөлігіне кіріп кеткендей. Жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Полиция өкілдері апатқа себеп болуы мүмкін негізгі факторлар ретінде жүргізушінің шектен тыс жылдамдығы мен жолдағы мұқиятсыздығын атап отыр.

Материал авторы