Ақтөбеде 4,8 миллион теңгеге 24 биоәжетхана сатып алынады

04.08.2025, 12:21
6721
Ақтөбеде 4,8 миллион теңгеге 24 биоәжетхана сатып алынады atg-kz.kz

Қалалық әкімдік далаға арналған дәретханаларды жәрмеңкелер мен халық көп жиналатын орындарға орнатпақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 24 дана биотуалет сатып алуға конкурс жариялады. Жобаға бөлінген сома – 4 821 428 теңге, деп жеткізді «Диапазон».

30 шілдедегі мәлімет бойынша, әлеуетті жеткізушімен келісімшарт әлі бекітілмеген.

Техникалық сипаттамаларға сәйкес, биотуалет соққыға төзімді пластик пен металдан жасалуы тиіс. Ішінде қағаз ұстағыш пен киім ілетін ілгек болады. Әр дәретхана 250 литрлік су жинақтау ыдысымен жабдықталып, шамамен 600 рет қолдануға есептелген.

Құжаттамада көрсетілгендей, дәретханалардың тазаланып, дизенфекциялануына мүмкіндік беретін люк не алынбалы бак болуы шарт. Сонымен қатар, барлық биотуалеттер 2024 жылдан ерте шығарылмауы тиіс.

Әкімдік өкілдері мұндай дәретханалар орталықтандырылған кәріз жүйесі немесе тұрақты әжетханасы жоқ жерлерге – жәрмеңкелерде, қоғамдық шараларда, саябақтарда – орнатылатынын айтты.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды