«Қарындасын қорқытқысы келген»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өтірік суицид жасаймын деп қайтыс болды

Азиз Қалижан Редактор
04.08.2025, 14:28
2397
«Қарындасын қорқытқысы келген»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өтірік суицид жасаймын деп қайтыс болды riavrn.ru

Көпбалалы отбасының үлкені қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 4 тамызда Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсауды қойылым ретінде көрсетпек болған. Алайда бұл ойыны орны толмас трагедияға ұласты.

Оқиға туралы алғаш болып Halyqstan порталы жазды. Олардың мәліметінше, бозбаланың қарындасымен арасында жанжал туындаған. Ұл бала қарындасын ұрып жіберіп, ол болған жайтты анасына айтатынын айтып қорқытқан. Араға уақыт салып, қарындасы ағасын ес-түссіз күйде тауып, дереу жедел жәрдем шақырған. Дегенмен дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Алдын ала нұсқа бойынша, жасөспірім тек суицид жасайтын адам сияқты кейіп танытпақ болған. Бірақ ол ісі шын қайғыға ұласты.

Марқұм – төрт баланың үлкені. Отбасы толық емес: әкесі бөлек тұрады, ал анасы жұмыс істемейді.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жасөспірімнің өлімі туралы ақпаратты растады. Дегенмен тергеу құпиялығына байланысты мән-жайды жария етуден бас тартты.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша іс қозғалған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды