728

Алматыдағы ботаника бағына аққулар оралды

"Оралды!". Алматы ботаника бағының мамандары Instagram-дағы парақшасы арқылы жағымды жаңалықты мәлімдеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматыдағы ботаника бағына аққулар оралды
pixabay

Бақ қызметкерлері аққулар сәтті қыстап, ботаника бағына оралғанын қуана хабарлады.

"Ерте көктемнен кеш күзге дейін аққулары бар тоған ботаника бағының барлық қонағы үшін тартымды орынға айналады. Осы орайда аққулар мен балықтарды тамақтандыруға тыйым салынғанын тағы бір рет еске салғымыз келеді!", - делінген хабарламада.