3364

Путин күтпеген жерден Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Екеуінің не туралы әңгімелескендері жұмбақ боп қалды.

Путин күтпеген жерден Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Сергей Ильницкий / AP

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылғы 4 тамызда Ресей президенті Владимир Путин Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Кремль басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

Әзірге әңгіменің нақты мазмұны жарияланбады. Бұған дейін Песков Путиннің жұмыс кестесінде халықаралық телефон сөйлесуі жоспарланғанын мәлімдеген болатын.

Кездесудің егжей-тегжейі туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі деп күтілуде.

Материал авторы