SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ники Минаждың әніне түсірілген танымал трендке еліктемек болған Екатеринбург тұрғыны ауыр жарақат алды. Әлеуметтік желілерде тараған бұл әрекет 32 жастағы Мариананың омыртқасын сындырып, аурухана төсегіне жеткізді.
Мариана TikTok пен Instagram желілеріндегі рилстардан шабыт алып, америкалық рэпер Ники Минаждың оғаш позасын қайталауға тырысқан. Ол биік өкшелі аяқ киім киіп, кастрюль мен қалбырды баспалдақ ретінде қолданып, солардың үстінде бейнеролик түсірмек болады.
Айта кетейік, желідегі мұндай видеолардың көпшілігі арнайы видеомонтаж арқылы жасалған. Ал Мариана ешбір эффектісіз, бәрін шынайы түсіріп шығуға тырысқан.
Алайда түсірілім кезінде ол тепе-теңдікті ұстай алмай, үстелдің үстінен еденге гүрс етіп құлайды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген әйелге «омыртқа сынуы» диагнозы қойылды.
Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырып, көпшілігі тренд үшін өмірге қауіп төндірудің мәні жоқ екенін жазды.