Құлыбаев пен ресейліктерге тиесілі 1,6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

05.08.2025, 11:33
7021
Құлыбаев пен ресейліктерге тиесілі 1,6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Shamil Zhumatov / Reuters

Атырау облысындағы пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне өтті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында құны 1,6 миллиард теңге болатын пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне өтті. Бұл жер «Атырау Нефтехим» ЖШС-на тиесілі болған. Компанияны ресейлік «СИБУР Холдинг» пен Тимур Құлыбаевтың Almex Petrochemical фирмасы бірлесіп бақылайды.

Атырау облыстық прокуратурасы 4 тамызда таратқан мәліметке сәйкес, мемлекетке жалпы ауданы 31,4 мың гектарды құрайтын 16 пайдаланылмаған жер учаскесі қайтарылған. Олардың жалпы құны 196 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Бұған қоса, арнайы экономикалық аймақтан да жер қайтарылғаны атап өтілді.

«Арнайы экономикалық аймақ – „Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркіне“ жүргізілген тексеріс нәтижесінде сенімгерлік басқару шарты бұзылып, ауданы 106 гектар, құны 1,6 миллиард теңге болатын пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Ол „Атырау Нефтехим“ ЖШС-не тиесілі болған. Сонымен қатар, міндеттемелерін орындамағаны үшін бұл компания арнайы экономикалық аймақ қатысушыларынан шығарылды», — делінген Атырау облысы прокуратурасының хабарламасында.

«Атырау Нефтехим» ЖШС-нің құрылтайшылары — Almex Petrochemical ЖШС мен Ресейдің «СИБУР Холдингі». Өз кезегінде Almex Petrochemical компаниясының жалғыз иесі — Joint Technologies ЖШС. Бұл компания Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Кипрос» ЖШС арқылы бақыланады. Онымен бірге Құлыбаевтың бұрыннан бірге жұмыс істейтін серіктесі Раушан Сағдиева да үлеске ие. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр