Рамзат Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды

05.08.2025, 15:05
4018
Рамзат Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды әлеуметтік желі

Палестина халқына көмектесеміз дейді Адам Қадыров.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы — 17 жастағы Адам Қадыров Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету бағытын үйлестіруші болып тағайындалды. Бұл туралы өңірдің діни және қоғамдық ұйымдармен байланыс департаменті мәлімдеді.

Грозныйда өткен жұмыс кездесуінде Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету мәселелері қаралып, Газа тұрғындарына арналған қайырымдылық науқанын қайта жандандыру туралы шешім қабылданған. Жобаны үйлестіру міндеті Адам Қадыровқа жүктелді.

«Біздің республика басшысы Рамзан Ахматович Қадыров ешқашан мұсылмандарға төнген қайғы-қасіретке бейжай қараған емес. Оның Палестина халқына деген жеке жанашырлығы мен тұрақты қолдауы — нағыз бауырмалдық пен жанашырлықтың үлгісі», — деді департамент басшысы Аслан Абдулаев.

Адам Қадыров бұған дейін де бірнеше рет әлеуметтік жобаларға тартылған. Бұл жолы ол алғаш рет халықаралық деңгейдегі гуманитарлық бастаманы тікелей басқаратын болады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды