inDrive компаниясы такси жүргізушісінің сорақы әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады

05.08.2025, 16:16
10350
inDrive компаниясы такси жүргізушісінің сорақы әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады inDrive

Компания жүргізушіні сервистен аластатып, жәбірленушіден кешірім сұрады.

inDrive компаниясы жол үстінде өзін-өзі қанағаттандырған такси жүргізушісінің әрекетіне қатысты ресми мәлімдеме жариялады. Қызмет көрсету кезінде орын алған оқиға қоғамның ашуын туғызып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді.

Компанияның айтуынша, оқиға туралы мәлімет түскен бойда олар дереу ішкі тексеріс бастаған.

«Қыздың мұндай күйзеліске тап болғанына шын жүректен өкініш білдіреміз. Біз онымен дереу байланысып, кешірім сұрадық. Бұл жүргізуші сервистен біржола аластатылды. Мұндай әрекетке жол берілмейді», – деп жазылған компания таратқан хабарламада.

inDrive өкілдері жәбірленушінің батылдығы мен әділеттілікке деген ұмтылысын қолдайтындарын және қажет болған жағдайда көмектесуге дайын екендерін айтты.

Компания өкілдерінің сөзінше, қолданушылардың, әсіресе әйелдердің қауіпсіздігі — басты басымдық. Осыған байланысты олар жүргізушілерді тексеру жүйесін күшейтіп, қосымшадағы қауіпсіздік функцияларын жетілдіріп жатқанын жеткізді.

«Келіп түскен әрбір шағымды мұқият қарап, ресми сұраныс болса, құқық қорғау органдарымен әрдайым ынтымақтастыққа дайынбыз. Мұндай жағдайлардың ашық айтылуы маңызды деп санаймыз», – дейді inDrive.

Компания сондай-ақ, жолаушылардан қауіп төнген жағдайда келесі әрекеттерді жасауды сұрайды:

Қосымшадағы «Қалқан» түймесін басып, қолдау чатына жазу

Жиектегі мәзірдегі «Қауіпсіздік» бөліміне кіріп, шағым қалдыру

Сапар жайсыз басталса, бірден тоқтатып, пікір қалдыру

Сапар соңында төмен баға қойып, пікір жазу — мұндай мәліметтер де бақылауға алынады

inDrive қосымшасындағы қауіпсіздік функциялары:

Сапарды жақын адаммен бөлісу мүмкіндігі

112 нөміріне бір батырмамен қоңырау шалу

Шұғыл жағдайда байланысатын адамды алдын ала белгілеу

Компания осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін жүйелі жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды