Атырауда 3 жастағы қыз бала балабақшадан миы шайқалып, қолы сынған күйде қайтты

05.08.2025, 16:33
278
Атырауда 3 жастағы қыз бала балабақшадан миы шайқалып, қолы сынған күйде қайтты gov.kz

Тәрбиешілер «басы ауырып тұр» деп анасына қызды алып кетуді сұраған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жекеменшік балабақшада үш жасар қыз ауыр жарақат алды. Анасының айтуынша, балабақша қызметкерлері баланың басы ауырғанын айтып, оны алып кетуді сұраған. Бірақ ауруханаға түскен соң, дәрігерлер бүлдіршіннің миы шайқалып, қос қолы сынғанын анықтаған. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Оқиға 28 шілдеде болған. Анасының сөзінше, балабақшадан хабарласып, қыздың басы ауырып тұрғанын, баспалдақтан құлағанын айтқан.

«Барғанда топырлаған дауыстар шықты, не болып жатқанын түсіне алмадық. Мұғалімдер кешірім сұраудың орнына, өздерін ақтай бастады. Камера жазбаларын көрсетуімізді сұрағанда, олар ‘камералар өшіп тұрған’, ‘монитор істемей қалған’ деп жауап берді», – дейді анасы.

Сол күні бала ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтті. Дәрігерлер жабық бас-ми жарақатын, ми шайқалуынжәне екі қолының сынғанын анықтаған.

Ата-анасы полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта нақты не болғаны белгісіз, өйткені бейнебақылау жұмыс істемеген, ал балабақша оқиғаны түсіндіре алмай отыр.

«Не болғанын ешкім білмейді. Бейнебақылау істемейді, ешқандай нақты жауап жоқ. Қызым ауыр жарақатпен шықты, бірақ жауап беретін адам әлі анықталмады», – дейді анасы.

Қазір бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі – «Баланың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау» бойынша тергеу жүріп жатыр.

Трамп: Мұнай бағасы тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады Түркістанда мәдениет үйі өртеніп кетті Аман Қонысбековтің өзбек боксшысынан жеңілгеніне қатысты дау: Қазақстан ресми шағым түсірді Алматыда 76 жастағы әжені баспалдақтан итеріп жіберген Амантай қажы 2 жылға сотталуы мүмкін Атырауда 3 жастағы қыз бала балабақшадан миы шайқалып, қолы сынған күйде қайтты inDrive компаниясы такси жүргізушісінің сорақы әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады ЕО Израильге қарсы санкциялар енгізбейді: Газадағы соғысқа қатысты шешім кейінге қалдырылды «Мастурбация жасаған»: енді inDrive таксистері қызбен танысқысы келсе ауыр жазаланады Рамзат Қадыровтың 17 жасар ұлы Газа халқына көмек көрсету жобасын басқаратын болды Ақтөбелік балуанға — 20 бас жылқы: Жерлестері әлем чемпионын ерекше құрметтеді Атырау облысында түнде жоғалған қойшы табылды Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердің» бағасы бақылауға алынады Қытайлық машиналарды ең көп сатып алатын елдердің қатарына Қазақстан кірді Жетісудағы Сарыөзек ауылы су астында қалды TikTok пайдаланушылардың әл-ауқатына арналған жаңа құралдарды іске қосады Құлыбаев пен ресейліктерге тиесілі 1,6 млрд теңгенің жері мемлекетке қайтарылды Бағанашылдағы балалар үйінен қашып кеткен жасөспірімдер табылды «Көппәтерлі үйді заңсыз салған»: Алматыда таунхаусты мәжбүрлі сүру кезінде үй иесі өзін өртемек болды (ВИДЕО) «Пакет ішінде жатып, мәйіті шіри бастаған»: Шымкентте 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікке жасөспірім ілікті 5 тамыздағы ауа райы: найзағай, шаңды дауыл және аптап ыстық