Аман Қонысбековтің өзбек боксшысынан жеңілгеніне қатысты дау: Қазақстан ресми шағым түсірді

05.08.2025, 17:25
8000
Аман Қонысбековтің өзбек боксшысынан жеңілгеніне қатысты дау: Қазақстан ресми шағым түсірді olympic.kz

U-22 Азия чемпионатында төрешілерге қатысты дау күшейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бангкокта өтіп жатқан жастар арасындағы (U-22) Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төрешілер шешіміне наразы.

75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Аман Қонысбеков өзбек спортшысы Шавкатжон Болтаевпен болған ширек финалдық жекпе-жекте жеңілді деп танылды. Алайда қазақстандық тарап бұл шешіммен келіспей отыр.

Аман Қонысбековтің өзі де рингтен кейін пікір білдіріп, өз ұстанымын ашық жеткізді:

«Барлығын Алла көріп тұр! Мен үшін бұл үйреншікті жағдай. Мен ондайға сынбаймын», – деді боксшы.

Бұған дейін Asian Boxing ережелеріне сай жекпе-жек нәтижесіне шағым түсіруге тыйым салынған еді. Алайда соңғы уақытта ирандық, үндістандық және тағы басқа елдердің боксшыларымен байланысты бірнеше даулы шешімдерден кейін жаңа құрылым төрешілер шешімін қайта қарауға рұқсат берді.

Бұл мүмкіндікті пайдаланған Қазақстан тарапы бірден екі жекпе-жек бойынша ресми түрде наразылық білдірді. Олар Нұрзат Оңғаров пен индонезиялық Тахумил арасындағы кездесу, сондай-ақ Аман Қонысбеков пен өзбек Шавкатжон Болтаев арасындағы жекпе-жек.

Қазақстандық делегация аталған кездесулерде төрешілер шешімі әділетсіз болды деп санайды және жекпе-жектердің нәтижесін қайта қарауды талап етіп отыр.

Қазіргі таңда арыз Asian Boxing ұйымының жаңа ережелеріне сәйкес қаралып жатыр. Шешім жақын күндері шығуы мүмкін.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр