Трамп: Мұнай бағасы тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады

05.08.2025, 18:20
5490
Трамп: Мұнай бағасы тағы 10 долларға арзандаса, Ресей соғысты тоқтатуға мәжбүр болады Keystone Press Agency / Global Look Press

Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан экономикасына тікелей әсер етеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай бағасының тағы да 10 долларға құлдырауы Ресейге Украинадағы соғысты тоқтатудан басқа амал қалдырмайтынын айтты. Бұл туралы ол CNBC News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Егер мұнай тағы 10 долларға арзандаса, Путиннің таңдау мүмкіндігі қалмайды. Экономика онсыз да ауыр жағдайда», – деді Трамп.

Сондай-ақ ол алдағы 24 сағат ішінде Үндістанға қарсы импорттық баж салығын едәуір көтеретінін айтты. Себебі, бұл ел Ресейден мұнай сатып алуды жалғастырып жатыр.

«Біз 25 пайызбен тоқтаған едік, бірақ келесі тәулікте бұл салықты едәуір көтеремін деп отырмын. Олар Ресейдің мұнайын сатып алуда», – деді АҚШ президенті.

Айта кетейік, қазір әлемдік мұнай бағасы төмендеуін жалғастыруда. Астана уақытымен 18:00-де Brent маркалы мұнайдың қазан айына арналған фьючерстері Лондондағы ICE биржасында 1,24%-ға төмендеп, барреліне 67,87 доллар болды. Ал WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 1,4%-ға арзандап, 65,36 долларды құрады.

Мұнай бағасының құлдырауы Қазақстан экономикасына тікелей әсер етеді. Өйткені ел әлі де көмірсутектерді экспорттаушы мемлекет саналады және мұнай кірісіне қатты тәуелді. Айта кетейік, 2025 жылғы республикалық бюджетте мұнайдың бір баррелі 75 доллар деңгейінде белгіленген.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды