Трамп арнайы өкілін Мәскеуге жіберді

06.08.2025, 10:10
4114
Трамп арнайы өкілін Мәскеуге жіберді Carlos Barria/REUTERS

Өкілді құр қол қайтарса, бұрын болмаған санкциялар болады деп қорқытты Трамп.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Мәскеуге қойған ультиматум мерзімінің аяқталуына екі күн қалғанда, оның арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей астанасына келіп, жергілікті басшылықпен келіссөздер бастады.

Егер Украинамен бейбіт келісімге қол жеткізуге нақты қадамдар жасалмаса, Вашингтон Ресеймен сауда байланысын жалғастырып жатқан елдерге қарсы ауыр санкциялар енгізуге уәде беріп отыр.

Стив Уиткоффтың Мәскеуге сапары

Уиткофф Мәскеуге Внуково әуежайы арқылы келді. Оны Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы әрі президенттің шетелдік экономикалық байланыстар бойынша арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алды. Бұл – Уиткоффтың биылғы Ресейге бесінші сапары. Бұған дейін ол Путинмен 25 сәуірде кездесті. Одан бұрын 11 ақпан, 13 наурыз және 11 сәуір күндері Мәскеуде болған.

Трамп бұған дейін арнайы өкілінің Ресейге баратынын хабарлағанымен, нақты күнін атамаған еді.

Вашингтонның қатаң шарттары

Шілде айында Дональд Трамп егер 2 қыркүйекке дейін Украинамен соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол жеткізілмесе, Ресеймен сауда жасауды жалғастырып жатқан серіктестеріне 100% көлемінде екінші деңгейлі баж салығын енгізетінін мәлімдеген. Алайда 29 шілдеде Трамп бұл мерзімді қысқартып, Кремльге 10 күн уақыт қалдырды – яғни 8 тамызға дейін. АҚШ басшысы келесі әрекеттері Уиткоффтың Мәскеудегі келіссөздерінің нәтижесіне байланысты болатынын атап өтті.

Трамп не дейді?

АҚШ президенті Ресейдің санкцияларға қарамастан «аман қалу жолын тапқанын» мойындайды. Дегенмен, Мәскеу бұл қысымнан құтылуы үшін «адам өлімі тоқтайтын нақты келісім» қажет екенін айтты.

«Біз көптеген елді соғыстан тоқтаттық. Үндістан мен Пәкістан, Камбоджа мен Таиланд, Конго мен Руанданы мысал ете аламын. Енді бұл соғысты да тоқтатуға ниеттіміз. Бұны біреу жасауы керек», – деді Трамп.

Кремль «әуе тыныштығын» қарастырып жатыр

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Кремль Украинамен толық бітім емес, бірақ шектеулі «әуе тыныштығы» нұсқасын талқылап жатыр. Яғни, дрон мен зымыран шабуылдарын тоқтату мүмкін, бірақ майдандағы ұрыстар жалғаса береді.

Бұл ұсыныс Уиткоффтың сапарына дейін қарастырылған. Мәскеу тарабы АҚШ-тың ықтимал санкцияларына жол бермеу үшін қандай да бір жеңілдікке баруға дайын екендігін аңғартқан. Пресс-секретарь Дмитрий Песков арнайы өкілмен кездесудің маңызды екенін мойындағанымен, нақты ұсыныстарды ашып айтудан бас тартты.

Путин бұған дейін Ресейдің соғысты тоқтатуға ниетті екенін, бірақ «қақтығыс себептерін жоюсыз» ұзақмерзімді бейбіт шешім мүмкін еместігін айтқан. Ал Зеленский «тез, толық әрі сөзсіз атысты тоқтату» қажет екенін талап етіп отыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды