«Қызыма қырындады» – Балқаштағы баланы азаптаған күдікті кері арыз жазды

Азиз Қалижан Редактор
06.08.2025, 10:45
2459
«Қызыма қырындады» – Балқаштағы баланы азаптаған күдікті кері арыз жазды Halyqstan

8 жасар баланы «Қазақмыс» қызметкері қатыгездікпен ұрғаны айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балқашта 8 жастағы баланы қатыгездікпен ұрып-соғу ісіне күдікті ер адам қамауға алынды. Алайда ол да қарсы арыз түсірді. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен бірге, қазіргі уақытта полиция оның өз арызы бойынша да тексеру жүргізіп жатыр. Ер адам баланы «өз қызымен әдепсіз әрекет жасауға тырысты» деп айыптап отыр.

— Барлық нұсқалар мен тараптардың уәждері тексерілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды, — деді департамент өкілдері.

Осы оқиғаға байланысты жақында Балқаш тұрғыны Мәдина Досымбекова әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, 8 жасар ұлын ересек ер адам — «Қазақмыс» қызметкері — қатыгездікпен ұрғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, күдіктінің құқық қорғау органдарында, ауруханада және өзге де мемлекеттік мекемелерде байланыстары бар. Сол себепті істі жауып тастауға әрекет жасалып жатыр деп қауіптенеді.

Мәдина жұртшылықтан қолдау сұрап, істің әділ тергелуін талап етті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады