Алматыда 2019 жылғы Bek Air ұшағының апатына байланысты қайтыс болған пилоттарды соттап жатыр

06.08.2025, 11:06
2280
Алматыда 2019 жылғы Bek Air ұшағының апатына байланысты қайтыс болған пилоттарды соттап жатыр Reuters / Pavel Mikheyev

Апатқа пилоттар тікелей кінәлі деген айып тағылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында 2019 жылғы Bek Air апатына қатысты сот процесі жүріп жатыр. Fokker 100 ұшағының апаты 12 адамның өмірін қиған. Сол күні бортта болған екі пилот — Марат Муратбаев пен Миржан Мулдакулов — апатта көз жұмса да, негізгі айып дәл соларға тағылған.

Айып: мұздануға қарсы өңдеуді жүргізбеген

Тергеу нұсқасы бойынша, пилоттар ұшар алдында ұшақтың қанаттарын мұздануға қарсы сұйықтықпен өңдемеген. Бұл әрекетсіздік апаттың басты себебі ретінде аталды. Прокуратура өкілдері олардың шешімін компания ішіндегі қауіпсіздікті емес, үнемділікті алға қоятын саясатпен байланыстырды.

Сонымен қатар, прокурорлар пилоттардың біліктілігін төмен бағалап, Муратбаевтың ұшу кезінде ми белсенділігі бәсең болғанын, бұған қан қысымын реттейтін дәрілер әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Соттағы келеңсіздіктер: прокуратура дайын емес

Судья Дастан Алмагамбетов прокурордың дайын еместігін сынға алып, тергеу материалының бір дискісін бірнеше сағат іздеуге мәжбүр болғанын еске салды. Прокурор Нуржан Қайратұлы бұл жағдай қайталанбайды деп уәде етті.

Адвокаттардың қарсылығы: сарапшыларға сенім жоқ

Қорғаушылар сараптама қорытындыларындағы қайшылықтарға назар аударып, сарапшылардың сотта жауап беруін талап етті. Мысалы, бір құжатта бір сұйықтық қолданылған делінсе, соңғы есепте мүлде басқа зат көрсетілген.

Сондай-ақ, адвокаттар ұшақ алдында ұшып кеткен Air Astana лайнерінің қалдырған ауа толқыны — апатқа әсер еткен фактор болуы мүмкін екенін айтты. ІКАО ережесі бойынша аралық 3 минут болуы тиіс, ал нақты жағдайда ол 1 минут 46 секунд қана болған.

Мұратбаевтың соңғы сөздері мен экипаж әрекеттері

Сотта екінші пилот Миржан Мулдакуловтың қайтыс болғанға дейін берген жауабы оқылды. Ол рейске дайындық штаттық режимде жүргенін айтып, ұшақтың сыртқы бөлігін визуалды тексергендерін, тек стабилизаторды ғана мұзға қарсы сұйықтықпен өңдегенін айтқан. Ұшақтың ұшу кезінде басқаруға жауап бермей, өздігінен әрекет еткендей болғанын, стабилизатор «өз бетімен өмір сүріп жатқандай» көрінгенін жеткізді.

Ұшу тоқтатылмаған себебі – «шешім жылдамдығынан» асып кеткеннен кейін тоқтату қауіпті саналатын ереже болған.

Келесі сот отырысы — 7 тамызда. Сот процесі әрі қарай жалғасуда. Апаттың нақты себептері мен Bek Air-дің ішкі тәртібі терең тексерілуде.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды