2884

«Қызымды зорламақ болды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы қайын атасын айыптады

Ақтөбеде 6 жастағы балаға қатысты азғындық әрекетке тергеу басталды.

«Қызымды зорламақ болды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы қайын атасын айыптады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде құқық қорғаушы Сырым Абдрахманов бұрынғы жұбайының әкесін алты жасар қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасады деп айыптап, жұртшылыққа үндеу жолдады.

Абдрахмановтың айтуынша, бала бұл туралы алғашында өз әжесіне – яғни әкесінің анасына айтқан. Кейін ересектер құқық қорғау органдарына жүгінген соң, бүлдіршін сол мәліметті полицейлерге де растаған. Ер адамның сөзінше, баланың жауабы Ювеналды полиция қызметкерлерінің бейнетіркеу құрылғысына жазылып алынған.

Аталған жайтқа байланысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті тергеу амалдарының басталғанын растады.

— Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты және объектив түрде тексеріледі. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігі үшін ол анасымен бірге басқа мекенге уақытша көшірілді. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Істе кәмелетке толмаған тарап болғандықтан, өзге мәліметтер жария етілмейді, — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция өкілдері жұртшылықты тек ресми ақпаратқа сенуге және расталмаған деректерді таратпауға шақырды.

 

 

Материал авторы