"Ақ жол" партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды

28.03.2023, 11:09
529
"Ақ жол" партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды "Ақжол" партиясы

27 наурызда "Ақ жол" демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

"Ақ жол" партиясы пленумының бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, "BIGLIFE" ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Айта кетсек, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша "Ақ жол" Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.

Алдында Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекіткені хабарланған болатын.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды